Жаңалықтар

Қызылорда облысында сегіз әкім сайланады

Қызылорда облысында 12 шілдеде сегіз елді мекен және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді.

23 маусым 2026 · 17:03·Оқу: 1 мин

Қызылорда облысында сегіз әкім сайланады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·23 маусым 2026

Дауыс беруге 8450 сайлаушы қатысады. Сайлау Арал ауданының Жақсықылыш елді мекені мен Әкірек ауылдық округінде, Қазалы ауданының Бозкөл ауылдық округінде, Қармақшы ауданының Т. Көмекбаев атындағы ауылдық округінде, Жалағаш ауданының Аққыр және М. Шәменов атындағы ауылдық округтерінде, сондай-ақ Шиелі ауданының Тартогай және Сұлутөбе елді мекендерінде өтеді.

Дауыс беру үшін 11 сайлау учаскесі құрылады. Оларда 65 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі жұмыс істейді.

Қазір кандидаттарды тіркеу жалғасуда. 11 шілде үнсіздік күні болып жарияланды.

Бұған дейін, 21 маусымда, облыста бір қалалық әкімнің, бір елді мекен әкімінің және үш ауыл әкімінің сайлауы өткен болатын.

Пікірлер