1905 жылы Қарқаралы маңындағы Қоянды жәрмеңкесінде қазақ съезі өтті. Делегаттар шаруалардың қоныс аударуын тоқтату, қазақтар үшін бөлек рухани басқарма құру, цензураны жою, іс жүргізуді қазақ тілінде енгізу және алқабилер сотын құру талаптары бар петиция жасады.
1957 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Физика-техникалық институтының негізінде Ядролық физика институты ашылды. Инициаторлар – Қ.И. Сәтбаев, И.В. Курчатов және Ж.С. Такибаев.
1991 жылы Орынбордың «Жаңа Айқап» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді, онда облыстағы қазақ халқының этномәдени өмірі туралы материалдар жарияланды.
2007 жылы елдің қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін «Халық қаһарманы» республикалық сыйлығы құрылды. Саясаткерлер мен партиялар номинант бола алмайды.
2011 жылы Астанада Эстония елшілігі жұмысын бастады. Уақытша сенімді өкіл етіп Маргус Солнсон тағайындалды.
2013 жылы Серік Сәпиев «ҮНЕСКО-ның спорт бойынша чемпионы» атағын алды және әлемде мұндай атаққа ие болған он үшінші спортшы болды.
2014 жылы Петропавлдан келген пианисттер Ангелина Онищенко мен Виолетта Кромина Зальцбургтегі халықаралық конкурс-фестивальде жеңіске жетті.
2016 жылы Алакөл жағасында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған елдегі алғашқы «Асар» пансионаты ашылды. Сол жылы Қазақстан мен Бразилия 30 күндік визасыз режим туралы келісімге қол қойды.
2018 жылы Шымкент қаласына бөлінген жерлерден кейін Түркістан облысының шекаралары анықталды. Сондай-ақ Шарын және Жоңғар-Алатау ұлттық парктері ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар желісіне енгізілді.
2019 жылы Халықтың электрондық денсаулық паспортының пилоттық нұсқасы іске қосылды.
2021 жылы Қазақстан МАКС авиакосмостық салонына серіктес ретінде алғаш рет қатысты. Сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы өтті.
2023 жылы Астанада өткен «Челленджер» сериясындағы турнирде Дмитрий Попко түрік теннисшісі Қорай Кирчиді жеңді.
2024 жылы астанада Comic Con Astana ашылды, оның хедлайнері дат актері Мадс Миккельсен болды.
2025 жылы 1465 жұп неке қиюға өтініш берді. Ең көп өтініш Алматыдан – 257, Астанадан – 225, Қарағанды облысынан – 144 түсті.