Платформа цифрлық ортада негізгі рәсімдерді біріктіреді және Қытай — Өзбекстан бағыты бойынша транзиттік операцияларды, сондай-ақ мемлекеттік шекарадан өтуді толық электронды форматқа ауыстыруға мүмкіндік берді. Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, бұл халықаралық жүк тасымалдарын жылдам, ашық және болжамды етеді.
Мұнай-газ саласын цифрландыру
Мұнай-газ саласын цифрлық трансформациялауда айтарлықтай прогреске қол жеткізілді. Көмірсутектерді өндіру және қайта өңдеу объектілерінің цифрлық егіздері жасалуда, мұнай мен мұнай өнімдерін өндіруден өткізуге дейін қадағалау жүйесі енгізілуде. Жасанды интеллект негізіндегі шешімдер жабдықтың ақауларын болжау және өндірістік процестерді оңтайландыру үшін қолданылады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы FinTech Lab реттеуші «құм жәшігі» арқылы ЖИ саласындағы инновацияларды сынақтан өткізу алаңы ретінде әрекет етеді, ағылшын құқығының артықшылықтары мен деректерді қорғаудың жоғары стандарттарын пайдаланады.
Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы
Қазақстан жер қойнауын пайдаланушыларды лицензиялау және бақылау бойынша 22 мемлекеттік қызметті автоматтандырған Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын іске қосты. 4,7 миллионнан астам архивтік геологиялық құжаттар бірыңғай ұлттық цифрлық қорға аударылды. Жасанды интеллект тарихи деректерді машина оқитын форматтарға түрлендіру үшін қолданылады. Астанада сирек жер металдары бойынша Аймақтық зерттеу орталығы қалыптасуда.
Көлік-логистика саласы
Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді. Қытай мен Еуропа арасындағы теміржол жүк тасымалының шамамен 85 пайызы қазақстандық бағыттармен жүреді. Соңғы 15 жылда көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға 35 млрд доллардан астам қаражат инвестицияланды. Жаңа темір жолдар салумен қатар Транскаспий халықаралық көлік маршруты дамуда.