Кездесуде Ақтөбе облысында мыс рудаларын өндіру және қайта өңдеу жобасы ұсынылды. Таза катодты мыс алу үшін заманауи технологияларды қолдану көзделген.
Екінші жоба Қарағанды облысында вольфрам рудаларын қайта өңдеуге қатысты. Гидрометаллургиялық қайта өңдеудің инновациялық әдістерін қолдана отырып, аммоний пара-вольфраматын өндіру жоспарлануда.
Нұрлыбек Налибаев бұл жобаларды іске асырудан жоғары мультипликативті әсер бар екенін атап өтті. Оның сөзінше, олар экспорттық қоржынды әртараптандыруға және ел ішінде шикізатты терең қайта өңдеуге, қосылған құны жоғары өнім шығаруға мүмкіндік береді.