Қазақстан құрамасының құрамында ең үздік нәтижені Зейнолла Идрисов көрсетті. Ол ат үстіндегі жаттығуда пьедесталдың екінші сатысына көтерілді.
Турнирдің финалистері Нариман Курбанов пен Роман Маменов те болды. Курбанов ат үстінде жетінші орын алды, ал Маменов тірек секірісте алтыншы болып мәреге жетті.
Маусым айында Қытайдың Цзуньи қаласында Азия чемпионаты өтеді.