Ақсу-Жабағылы қорығы мемлекеттік қорық болып табылады. Батыс Тянь-Шаньдағы Талас Алатауы жотасының батыс жағында орналасқан. Ақсу-Жабағылы
қорығының аумағы теңіз деңгейінен 1300-ден 4200 м-ге дейінгі биіктікте орналасқан, қорықтың жалпы ауданы 74,4 мың га-ға тең. Қорық атауы екі өзеннің (Ақсу мен Жабағылы) атауынан берілген. Қорық ауданы 740 шаршы км-ге тең аумақты алып жатыр. Климаты — қоңыржай континенттік. Бұл аумақ — жауын-шашынның жыл маусымдары бойынша біркелкі таралмауымен сипатталатын Батыс Тянь-Шаньның бөлігі, мұнда қыс-көктем мезгілінде жауын-шашынның ең көп мөлшері, жазда ең аз мөлшері түседі. Ең суық ай қаңтардың орташа температурасы –5,4C; ең жылы ай — тамыз, мұнда ауа температурасы 21C-қа дейін көтеріледі.
Ең төмен температура –34C, ең жоғары +37C құрайды. Ақсу-Жабағылы қорығының негізгі өзендері — Жабағылы, Ақсу, Балдыбірек, Бала-Балдыбірек батыс бағытта ағады. Таулы көлдер (Қызылжар, Қызылкеңкөл, Айнакөл, Оймақ, Томпақ және Көксаққол) тартымды орындар болып табылады. Өзен аңғарлары каньон пішінінде. Әсіресе тереңдігі 400 метрге, ұзындығы 20 км-ден асатын Ақсу өзенінің каньоны ерекшеленеді. Қорықтың көркем жерлеріне сондай-ақ шатқалдар, Жабағылы шатқалы, ежелгі жартас суреттері бар Қасқабұлақ шатқалы жатады. Қорыққа іргелес учаскелердегі басқа да жерлер өздерінің әсемдігімен немесе тарихи құндылықтарымен назар аударады. Бұл — Грейг қызғалдақтары гүлдейтін «Қызыл төбе» деп аталатын жер; Шүңкілдік байдың зираты. Ақсу-Жабағылы көптеген көркем ландшафттарымен және бірегей табиғи нысандарымен ерекшеленеді. Ақсу-Жабағылы қорығының флорасы соңғы деректер бойынша 1737 түрді, оның ішінде 235 түр саңырауқұлақты, 64 түр қыналарды, 63 түрден балдырлар мен мүктектестерді және 1312 түр жоғары сатыдағы өсімдіктерді қамтиды. Қорықтың мақтанышы болып экспорт нысанына айналған Грейг қызғалдағы саналады. Оның қып-қызыл күлтелерінің мөлшері 12-15 см. Балықтар фаунасы 7 түрден тұрады, олардың ең тәніктілері — кәдімгі маринка және жалаңаш осман. Қорықтың жануарлар дүниесі бірегей, ол мүлдем басқа өңірлерге тән түрлерді қамтиды. Ақсу-Жабағылы қорығының аумағында сүтқоректілердің 42 түрі есептелген, бұл жыртқыш және жұп тұяқты жануарлар: арқар, тянь-шань қоңыр аюы, ірбіс, сібір тау ешкісі. Қорық аумағында аюларды шамамен 100 дарақ есептейді, бұл Қызыл кітапқа енген түр үшін өте жақсы көрсеткіш. Кейде қызыл шақылдақ пен талай қоянды, ұзынқұлақ кірпі мен кіші ақтісті кездестіруге болады. Ақсу-Жабағылы қорығында құстардың 239 түрін кездестіруге болады, бұл Қазақстанның барлық орнитофаунасының жартысы. Жалпы тізімнен Ақсу-Жабағылы қорығының аумағында құстардың шамамен 123 түрі ұя салады, ал 38 түр оның аумағын ешқашан тастап кетпейді. Үлкен қызығушылықты әсем құс — жұмақ шыбыншысы тудырады. Қорықтың ішінде және айналасында үш аймақ бар. 1-аймақ қорықтың өзін қамтиды және туризмге тыйым салынған ерекше қорғалатын аумақ болып табылады. Туризмге 2-аймақ бөлінген, онда экотуризм бойынша он арнайы маршрут әзірленген. 3-аймақ — буферлік аймақ, онда аң аулауға, химиялық және өнеркәсіптік нысандар салуға тыйым салынады. Қорыққа кіруге рұқсатты қорық әкімшілігінен алуға болады. Кіру ақысы аз — шетел азаматтары үшін күніне 7 АҚШ доллары және Қазақстан азаматтары үшін 1,2 АҚШ доллары.
Ақсу-Жабағылы қорығының мекенжайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Жабағылы кенті тел.: +7 /32538/ 52 218, +7 /32538/ 56 633 Гидтің ілесіп жүруі міндетті (төлемі күніне 5 АҚШ доллары).