Зерттеуге 12 мың үй шаруашылығынан бір адам қатысты. Қатысушылар — барлық өңірлердің, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 15 жастан асқан тұрғындары.
Сауалнама нәтижесінде халықтың 15,1%-ы темекі тұтынады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 17,5% болған.
Ауылдық жерлерде темекі шегетіндердің үлесі 17,8%-ға жетті, қалаларда — 14%.
Ерлер арасында темекіні 30,5%-ы тұтынады, әйелдер арасында — 4,9%.
Темекі шегетіндердің 98,6%-ы өнеркәсіптік өндірістің қарапайым сигареттерін таңдайды. Электрондық сигареттерді 0,4%-ы пайдаланады, темекіні қыздыру жүйелерін — 0,9%.
Зерттеу 2020 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әдістемесі бойынша жыл сайын өткізіледі.