Донорлық процесс 14-15 шілде түні Астана әкімдігінің Көпсалалы медициналық орталығы базасында әлеуетті донор анықталғаннан кейін басталды.
Отбасының келісімімен Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантация және жоғары технологиялық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығы барлық қажетті процедураларды ұйымдастырды. Операцияны University Medical Center командасы орындады.
Реципиенттің жағдайы операциядан кейінгі кезеңге сәйкес келеді.
Денсаулық сақтау министрлігі донор отбасына, донорлық аурухананың дәрігерлеріне, Республикалық орталық қызметкерлеріне, UMC трансплантациялық бригадасына, санитарлық авиацияға және процеске қатысқан барлық медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Қазіргі уақытта елде 4739 адам, оның ішінде 125 бала өмірлік маңызы бар органдарды ауыстыруды күтуде. Олардың ішінде 4208 адам бүйрекке, 293 — бауырға, 208 — жүрекке, 30 — өкпеге және 5 — өкпе-жүрек кешеніне мұқтаж.
Қазақстанда үш айда 77 орган трансплантациясы жасалды.