ҚР Қаржы министрі Мади Такиев 2025 жылғы әлеуметтік және инфрақұрылымдық салалардағы жұмыс нәтижелері туралы айтты.
Оның сөзінше, 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды. Сонымен қатар студенттік инфрақұрылым дамытылды.
Жаңа жатақханалар
30 студенттік жатақхана пайдалануға берілді. Олар колледж бен жоғары оқу орындарының 30 мыңнан астам студентін тұрғын үймен қамтамасыз етті.
Тұрғын үй
Елде пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 20,1 миллион шаршы метрге жетті.