Ер адам алдын ала сөз байласқан топ құрамында әрекет еткен. Ол басқа адамдардың жеке деректерін пайдаланып, салынған ақшаны пайдамен қайтаруға уәде берген. Зардап шеккендердің қаражаты 1XBETKZ букмекерлік кеңсесі және Wooppay Wallet төлем жүйесі арқылы аударылған.
Сотта сотталушы кінәсін толық мойындаған. Зардап шеккендерге келтірілген шығын толық көлемде өтелген, сондықтан жаза бас бостандығынан айырумен байланысты емес.
2026 жылғы 6 наурыздағы үкіммен ер адамды үш жылға бас бостандығын шектеуге соттаған. Қазір ол тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылаумен жазасын өтеп жатыр. Үкім заңды күшіне енген.