Шығыс аймақтарда жаңбыр найзағаймен, бұршақпен және дауылды желмен күтіледі. Республиканың шығысында жер-жерде қатты және өте қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста тұман болуы мүмкін.
Елдің батыс бөлігінде ашық және ыстық ауа райы орнайды. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте — шаңды дауылмен.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде, сондай-ақ Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында ауа температурасы 41–42 градусқа дейін көтеріледі. Қатты ыстық Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстарында болжанады.
Алматы, Атырау, Ұлытау, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары өрт қауіпі жарияланды.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Жетісу, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
«Қазгидромет» РМК бұған дейін 25–27 шілдеге арналған дауылды ескертуді шығарған. Ең жоғары температура Маңғыстау облысында күтіледі — 26–27 шілдеде 43–47 градусқа дейін.