Жаңалықтар

Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ Ауғанстандағы жағдайды талқылады

Қазақстан Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Еркин Тукумов Еуропалық Одақ өкілдерімен кездесулер өткізіп, Ауғанстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды талқылады және гуманитарлық дағдарыстың алдын алу бойынша бірлескен әрекеттерді белгіледі.

21 маусым 2026 · 17:53·Оқу: 3 мин

Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ Ауғанстандағы жағдайды талқылады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·21 маусым 2026

Келіссөздерге қатысушылар Ауғанстандағы ағымдағы жағдайды қарастырды. ЮНИСЕФ деректері бойынша, 2026 жылы бес жасқа толмаған 1,3 млн-нан астам бала жедел тамақтанбаудан шұғыл емделуді қажет етеді. Елдің жаңа билігі медицина, білім беру және су ресурстарын басқару салаларында мамандардың өткір тапшылығын сезінуде.

Сонымен қатар Ауғанстан бюджеті біртіндеп өсіп келеді, Кабул, Герат және Мазар-и-Шарифте индустриялық парктер ашылуда. Орталық Азия Ауғанстан импортының 20%-ға дейінгін және электр энергиясы жеткізілімінің 90%-ын қамтамасыз етеді. Аймақтың Кабулмен сауда айналымы 1 млрд доллардан 5 млрд долларға дейін өсті.

Қазақстанның ұстанымы

Еркин Тукумов «Талибанның» тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарылуы режимді автоматты түрде тану дегенді білдірмейтінін атап өтті. Астана БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне сүйенуді жалғастырады. Дипломат Ауғанстанға көрсетілетін көмек аймақтық қауіпсіздіктің құралы болып табылатынын айтты.

Қазақстанның Еуропалық Одаққа ұсыныстары

Қазақстан ынтымақтастықтың екі негізгі бағытын ұсынды. Біріншісі – білім беру хабтарын құру және кадрлар даярлау. Астана медицина, инженерия және ауыл шаруашылығы салаларындағы ауғандық студенттерге стипендияларды, оның ішінде Тараз су шаруашылығы және ирригация университеті базасында кеңейтуге дайын.

Екінші бағыт – денсаулық сақтау саласындағы жобалар. Қазақстан Еуропалық Одақпен бірлесіп Ауғанстанның ірі қалаларында стационарлық медициналық орталықтар салу және шалғай провинциялар үшін жылжымалы медициналық кешендер іске қосу ұсынысын жасады. Жақында Ауғанстанда «Қазақстан медицинасының күндері» өтті.

Тараптар жүйелі жұмыс Алматыда 2025 жылы ашылған Орталық Азия және Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығына негізделетінін атап өтті. Талқылауға ЕО-ның екі арнайы өкілі – Орталық Азия бойынша Эдвартс Стипрайс және Ауғанстан бойынша Жилем Бертран қатысты.

Пікірлер