Алматы қаласына Қазақстан аумағында Ұлы Жібек жолын
қайта жаңғыртуға арналған бірлескен жоба үшін экспедиция келді. Бұл — экономикалық-мәдени қайта жаңғырту жобасы,
оның үлкен бастамалары бар, солардың ішінде жүк колонналары өтетін
"Батыс Еуропа — Батыс Қытай" жолын салу.Осы жолдың арқасында
Қазақстанның экономикасы, сондай-ақ туризм жақсы дамитын болады. Қытайдан және басқа елдерден туристердің үлкен ағыны болады,
бұл саудаға жақсы әсер етеді.Экспедиция Жібек жолының Қытай, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Түркия, Грекия, Италияны қоса алғанда сегіз елінің аумағына баруды жоспарлап отыр. Ал басты мақсаты — Рим болмақ. Жол бойы шамамен 56 күн өткізіп, шамамен 15 000 км жүру болжанып отыр.
Жаңалықтар
«Жаңғыру» жобасы
Алматы қаласына Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолын жаңғыртуға арналған бірлескен жоба бойынша экспедиция келді. Бұл — экономикалық-мәдени жоба…
24 тамыз 2014 · 20:20·Оқу: 3 мин
TR Kazakhstan редакциясыТілші·24 тамыз 2014