Жаңалықтар

Астана — Қарағанды — Алматы трассасында уақытша шектеулер енгізілді

«НК ҚазАвтоЖол» АҚ Астана — Қарағанды — Алматы трассасының екі учаскесінде жол жұмыстарына байланысты көлік қозғалысын шектеді.

8 шілде 2026 · 04:14·Оқу: 1 мин

Астана — Қарағанды — Алматы трассасында уақытша шектеулер енгізілді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·8 шілде 2026

Жұмыстар 1121-ден 1186-ға дейінгі және 1194-тен 1209-ға дейінгі километр учаскелерінде жүргізілуде.

8 шілдеден 18 шілдеге дейін күн сайын сағат 6:00-ден 20:00-ге дейін Ақсай — Жібек жолы учаскесінде (1177–1186 км) жол жабық. Көлікті айналма маршрутқа бағыттайды.

8 шілдеден бастап Құрты — Шабыт учаскесінде (1121–1177 км) қозғалыс ашылды.

Компания жүргізушілерден маршрутты алдын ала таңдап, уақытша белгілердің нұсқауларын орындауды сұрады.

Пікірлер