Экономика

Қазақстанда алтынның бағасы апта ішінде төмендеді

Қазақстанда бір грамм алтын 61 017 теңге тұрады, деп хабарлады Ұлттық банк.

9 шілде 2026 · 07:24·Оқу: 1 мин

Қазақстанда алтынның бағасы апта ішінде төмендеді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·9 шілде 2026

Апта ішінде бағалы металдың бағасы 286 теңгеге төмендеді. Апта бұрын бір грамм алтын 61 303 теңге деп бағаланған.

Маусымда алтынның құны 12%-ға төмендеді.

Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өнеркәсіп комитетінің деректері бойынша әлемдегі алтын өндірушілердің топ-15-іне кіреді.

Шығыс Қазақстан облысында алтынды заңсыз өндіру ісі бойынша 63 адам ұсталды. Ұсталғандардың арасында схеманың басшылары мен ұйымдастырушылары, сондай-ақ 13 шетелдік азамат бар.

Пікірлер