Ұлттық банктің 1 шілдедегі ресми бағамы 480,72 теңге деңгейінде белгіленді.
Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды 476 теңгеден сатып алады, ал 483 теңгеден сатады. Еуроны 544 теңгеден алады және 554 теңгеден береді. Рубльді 5,75 теңгеге сатып алады, 6,05 теңгеге сатады.
Алматыда америкалық валютаны орташа есеппен 479,95 теңгеден сатып алады және 481,96 теңгеден сатады. Еуро 545,20–550,41 теңге аралығында сатылады, рубль — 5,87–6,02 теңге.
Шымкентте долларды 479,98 теңгеден сатып алады және 481,98 теңгеден сатады. Еуро 544,56–551,52 теңге аралығында, рубль — 5,87–5,99 теңге.
Бір күн бұрын доллардың орташа өлшенген бағамы 480,72 теңге болған және 4,54 теңгеге төмендеген.