Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, мемлекеттік бюджеттің қаңтар–мамырдағы кірістері жоспардың 100,9%-ын орындады.
Алты айда қазынаға 11,4 трлн теңгеден астам қаражат түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артық.
Республикалық бюджеттің кірістері 7,34 трлн теңге жоспар бойынша 7,41 трлн теңгеге жетті. Артықшылық 66,7 млрд теңгені құрады. Қаржы министрлігінде негізгі себептер ретінде экономиканың өсуі, іскерлік белсенділік, шикізат нарықтарындағы жағдай және салық реформасы аталды.
Трансферттерді есепке алмағанда, салық түсімдері республикалық бюджет кірістерінің 97,7%-ын қамтамасыз етті. Олар бойынша жоспар 100,5%-ға орындалды, ал көлемі 30,6%-дан астамға өсті. Өсімді қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы, пайдалы қазбаларды өндіру салығы және мұнай экспортына экспорттық баж салығы қамтамасыз етті.
Қазақстан экономикасы бірінші жартыжылдықта 4,1%-ға өсті.