SREP қадағалау рәсімдерінің, активтер сапасын бағалаудың және стресс-тестілеудің қорытындысы бойынша капиталдың жеткіліктілік деңгейі 16,1–17,7% құрады. Бұл көрсеткіш реттеушінің ең төменгі талаптарынан асып түседі.
Тексеру нәтижелері бойынша банктерге жеке үстемелер мен капитал буферлері белгіленді.
Цифрлық платформалар арқылы 227,6 млрд теңгеге стресс активтері сатылды. Экономикалық айналымға 822,8 млрд теңге жұмыс істемейтін активтер қайтарылды.